Қазақстанға Бүкіләлемдік Универсиаданың туы тапсырылды

18.02.2015 09:10 1447

 

 

18 ақпан, 2015. Алматы. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова мен Студенттік спорт ұлттық федерациясының президенті Қайрат Зәкіриянов Бүкіләлемдік Универсиаданың туын Алматы қаласы халықаралық спорттық жобалар дирекциясының басшысы Илья Уразаковке табыстады.

Бұған дейін Зәуреш Аманжолова бұл туды XXVII қысқы Универсиада ойындары өткен Гранадада Университеттік спорттың халықаралық федерациясының (FISU) президенті Клод-Луи Гальеннің қолынан қабылдаған болатын.

Айтып кету керек, Қазақстан ТМД елдерінің арасында қысқы Универсиаданы қабылдап жатқан алғашқы мемлекет болып табылады. 2017 жылғы студенттердің бүкіләлемдік спорттық ойындарына 50 мемлекеттен келетін 3,5 мың студент қатысады деп жоспарлануда.

Еске салып кетсек, өткен Универсиадаға Қазақстан атынан 110 спортшы қатысты. Олар Қазақстан қоржынына 5 алтын және 6 күміс жүлде салып, нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді. Бірінші және екінші орын Ресей мен Оңтүстік Кореяның үлесіне тиді.

по материалам: mk.gov.kz