Татарстан Республикасының мәдениет министрі: Ислам әлемімен қарым-қатынастарымызды жоғары бағалап, дамыта түсудеміз

24.02.2015 10:12 1660

 

24 ақпан, 2015. Алматы. — Бүгінде ислам қарым-қатынастарымызды жоғары бағалап, дамыта түсудеміз.Ал толеранттылықты күшейту маңызды мемлекеттік міндеттеріміздің бірі болып табылады, - деді «Алматы — ислам мәдениетінің астанасы-2015» Халықаралық конференциясындағы сөзінде Татарстан Республикасының мәдениет министрі Айрат Сибагатуллин.  

 «Алматы — ислам мәдениетінің астанасы-2015» Жылының ашылуына арналған конференциядағы сөзінде Татарстанның мәдениет министрі ислам мәдениеті татарлардың рухани өмірінің ажырамас бөлігі, Татарстан халқының рухани негізі болып табылатындығын айтты.

Айтып өткендей, ислам таралуы бойынша Ресейдің екінші болып табылады. 20 миллионға жуық мұсылмандар Волга, Орал, Сібір және Солтүстік Кавказ өңірлерінде шағын орналасқан.

«Соңғы жылдары, әсіресе Ресей Ислам Конференциясы Ұйымының бақылаушысы болып тағайындалған кезден бастап, біз көптеген мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастығымыздың күшейе түскендігін байқап жүрміз. Татарстан Ресейдің ислам әлемімен байланыстардың дамуында ең белсенді аймағы болып саналады», — деп басып айтты А. Сибагатуллин.

Сонымен қатар Татарстан министрі Қазақстан мен Татарстанның халықаралық жобаларды іске асырудағы жоспарлары туралы баяндаған болатын.

Туыс халықтарымыздың ортақ мәдени мұрасы болып табылатын көптеген өнер адамдарының есімін атауғы болады: ақын және философ Ақмұлла, композиторлар Нәзіп Жиғанов және Латиф Хамиди, дирижерлар Фуат Мансұров пен Ринат Салауатов, ағайынды әншілер Ришат және Мүслім Абдуллиндер, скрипкашы Рафаэль Хисматуллин, суретшілер Бақтияр Табиев пен Кәміл Мұллашев. Татар әншісі, ақын Ғабдолла Тоқайдың өмірі де Қазақстанмен тығыз байланысты.

«Татар және қазақ халықтары мәдениеттерінің бір-бірін байытуы, сауда-экономикалық қарым-қатынастардың күшеюі, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың кеңеюі ұзақ тарихи мерзім барысында жүзеге асырылуда. Ашылып жатқан «Алматы — ислам мәдениетінің астанасы-2015» Жылы да қарым-қатынастарымыздағы тағы бір тарихи маңызды кезең болатындығына сенімдімін», — деп қосты сөзіне А. Сибагатуллин.

 

по материалам: mk.gov.kz