Алматының жаңа мәртебесі – ислам мәдениетінің астанасы

24.02.2015 10:15 1725

24 ақпан, 2015. Қазақстанда Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымы аясында (ISESCO) «Алматы — 2015 жылғы Ислам мәдениетінің астанасы» мәдени жобасы өз жұмысын бастады. Бүгін Астанада «Алматы — 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы» халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Бүгін Алматыда «Алматы — 2015 жылғы Ислам мәдениетінің астанасы» халықаралық конференциясының жұмысы басталды. Оған Ислам Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің 100-ге жуық жетекші сарапшылары қатысуда. Шара ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, Алматы қаласының әкімдігі болып табылады.

Пленарлық отырысты ашқан Алматы әкімі Ахметжан Есімов конференция қатысушыларына ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев атынан құттықтау сөзін оқыды.

«Алматының ислам мәдениетінің астанасы мәртебесіне 2015 жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше болғанына 20 жыл толуы кезінде ие болуы есте қаларлық оқиға. Осы жылдар ішінде Қазақстан ортақ мүдделер тұғырнамасын құра отырып, мұсылман әлемі елдерімен өзара қарым-қатынасты нығайтуға белсенді атсалысып келеді. Біздің елдеріміздің арасындағы мәдениеттегі, ғылымдағы, білім берудегі дәстүрлі гуманитарлық байланыстарды белсенді жаңғырту және дамыту ұзақ мерзімді сәтті ынтымақтастықтың берік негізін қалайды. Ислам мәдениетінің астаналары халықаралық жобасы ИЫҰ-ға қатысушы елдердің мәдени алмасу, гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту және ынтымақтастықты тереңдету әлеуетінің өзектілігін арттыруға үндейді. Ислам мәдениетінің астанасы құрметті атағы тарихи сабақтастықты айшықтап, Алматы қаласына ислам мәдениетін дамытуда тың серпіліс береді" - деп атап өтілген хабарламада.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есимов:

— Биыл Алматы жаңа мәдени бағдарламаны қабылдап алды. Алматы қаржы орталығы ғана емес, діни, ұлттық, діни толеранттылық үлгісі және түрлі мәдениеттер мен салт-дәстүрлердің тоғысуының ұйытқысына айналды - деп атап өтті қала басшысы.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров:

— Қазақстан - Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Американы қамтып, 1,5 миллиардтан астам халқы бар 57 мемлекетті біріктіріп отырған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының толыққанды мүшесі. Ислам мәдениеті, бұл дін ретіндегі ислам ғана емес, сондай-ақ ислам әлеміндегі халықтардың тұрмысы мен өмір салтын айқындайтын мәдени салт-дәстүрлер жүйесі. Қазақстан ИЫҰ аясында ынтымақтастықты кеңейту, өркениеттер мен әлемдік дінді біріктіру үшін күш салуда.

 

ИСЕСКО бас директоры Абдулазиз Отман Аттвайджри:

- Бүгін Алматыны ислам мәдениетінің астанасы ретінде тани отырып, ИСЕСКО Іле Алатауының баурайында орналасқан әдемі қаланы мақтанышпен таныстырады. Жыл бойы осы қаладағы мәдени туризмді дамытуға бағытталған көптеген шаралар өтеді. Шара ұйымдастырушылардың еңбегін жоғары бағалай отырып, конференция қатысушыларына сәттілік пен жұмыстарына жеміс тілеймін.

 

Татарстан Республикасының мәдениет министрі Айрат Сибагатуллин:

- Соңғы жылдары, әсіресе Ресейдің Ислам Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы ретінде мәртебе алғаннан кейін, біздің еліміздің көптеген мұсылман елдерімен ынтымақтастығының дамып, беки түскендігінің куәгері болып отырмыз. Татар және қазақ мәдениеттерінің ортақ дамуы, сауда-экономикалық қатынастарының нығаюы, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының кеңейе түсуі ұзақ тарихи кезең бойы өз жалғасын табуда. «Алматы — 2015 жылғы Ислам мәдениетінің астанасы» жЖылының ашылуы біздің ынтымақтастығымыздың тағы бір кезеңіне айналады деп сенемін. Бүгін біз ислам әлемімен қатынасымызды бағалап, дамыта түсудеміз. Толеранттылықты қалыптастыру біздің басты мемлекеттік міндетіміз болып қала бермек.

 

Иран Ислам Республикасының мәдениет вице-министрі:

— Шынайы ислам діни экстремизм мен күш көрсету идеяларын қолдамайды. Біз әркімнің басқаға өз көзқарасын мәжбүрлеп, күштеп таңуына қарсымыз. Құранда дін рухында ешқандай мәжбүрлеу яки күштеу жоқ деп жазылған. Бүгінгі бастама біздің ынтымақтастығымызға тиімді әсер етіп, дәстүрлеріміздің тереңдеуіне оң әсерін тигізетіндіктен, халықтар ізгілігіне бағытталған игі шара деп есептеймін.

 

Қазақстанның қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменов:

— Біздің қаламыз жыл бойы ислам әлемінің астанасына айналды. Қазір көптеген саясаткерлер бұл жүзжылдық Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің, дінінің қақтығысы кезеңіне айналады дегенді айтуда. Осы уақытта Қазақстан 21-ғасырды мәдениеттер жақындауының ғасыры деген бастамамен шығып отыр. Ең бірінші, халық осы мәдениеттердің белгілі бір кезеңде неліктен ажырағанын білуі керек. Осы себептер мәлім болғанда, халықтар мәдениеті мен өркениетінің жақындауы орын алмақ. Әлемде тұрақты бейбітшілік орнайды деп сенемін.

Пленарлық отырыс жұмысына Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымының (ISESCO) өкілдері, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) елдерінің мәдениет министрлері, танымал ғалымдар, руханият және мәдениет өкілдері қатысты.

Конференция жұмысына ИЫҰ мүше елдерінің 100-ден аса жетекші сарапшылары, саясаткерлері мен ғалымдары қатысуда. Екі күн ішінде конференция қатысушылары халықаралық жаһандану процесін, ислам әлемі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін зерттеу саласындағы ағымдағы жағдайды талқылап, көпжақты мәдени ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын талқылайтын болады.

Конференция қорытындысы бойынша резолюция мен бірқатар ұсынымдар қабылданады. Олар ИЫҰ мүше елдердің мүдделі мемлекеттік органдары мен ғылыми ұйымдарына жіберілетін болады.