Ілияс Есенберлиннің 100-жылдығына арналған «Рухы биік нар тұлға» атты құжаттық көрме өтті

26.02.2015 15:28 2048

 

26 ақпан, 2015. Астана. Кеше Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты және Қазақстан Республикасының Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар Орталық мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу іс-шаралары аясында ұлы жазушы, кеңес әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің 100-жылдығына арналған «Рухы биік нар тұлға» атты құжаттық көрме өтті.

Ілияс Есенберлиннің 100-жылдығына арналған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» № 1448 Қаулысымен бекітілген 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау  және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Қазақстан Республикасы атынан ЮНЕСКО-ның 2014-2015 жылдарға арналған мерекелік іс-шаралар тізбесіне енгізілген.

Ілияс Есенберлин – Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Қазақ КСР-ның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты («Айқас» кітабы үшін, 1968), Еңбек Қызыл ту ордені, «Құрмет белгісі» ордендері мен он алты медаль иегері. Оның ішінде «Батырлығы үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдары. Ұлы «Көшпенділер» мен «Алтын Орданың» авторы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген.

Әйгілі «Көшпенділер» тарихи трилогиясы жазушының бірегей еңбегі болып табылады, өйткені Ілияс Есенберлинге дейін қазақ халқының тарихы туралы кітаптар болмаған. Автор тарихымыздың жеті ғасырын қамтыған, дала өркениеті мен қазақ мемлекеттілігін суреттеп берген: қазақ халқының қалыптасуы, Алтын Орда дәуірі, Қазақ хандығының құрылуы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы сынды көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. 2005 жылы үшінші «Отчаяние» романы бойынша «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильмі түсірілді

Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты көрмеге Қазақстан жазушылар одағы, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақстан Республикасының Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар Орталық мемлекеттік мұрағаты және Ілияс Есенберлиннің жеке қорынан алынған құжаттар қолданылды.

по материалам: mk.gov.kz