26 ақпан, 2015. Бүгін Астанада «Мәдениет» бастауыш партиясының жиналысы өтіп, оның күн тәртібіне «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының жиналысы болды. Еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері, спорт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдай отырып, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының кандидатурасын бірауыздан ұсынды.
ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева мерзімінен бұрын өтетін ҚР Президентінің сайлауында Н. Ә. Назарбаевтың кандидатурасын ұсынып, сөз сөйледі.
«Тарих өлшемі тұрғысынан алып қарағанда өте қысқа уақыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елімізде экономикалық және саяси тұрғыда ғана емес, әлеуметтік салаларда да түбегейлі өзгерістер орын алды. Еліміздің қарапайым адамдары ешқашан назардан тыс қалып көрмеген. Әлемдегі түрлі жағымсыз құбылыстарға, экономикалық келеңсіз жағдайларға қарамастан, ұлт көшбасшысы мемлекетіміздің әлеуметтік міндеттерін орындаудағы өзінің нық ұстанымын көрсетуде», - деді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры.
Ол Елбасының мемлекеттік саясатын қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайтынына сенім білдірді.
Бұл ұсынысқа белгілі қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім де қосыла отырып, ел Президентінің кезектен тыс сайлауында партия Төрағасының кандидатурасын қолдау әрбір нұротандықтың патриоттық борышы екенін тілге тиек етті.
Болашақ бағдарламасының түлегі (City University London), өнертану ғылымдарының магистрі Ермек Рахимовтың пікірінше, партия, ел тарихы Қазақстан Президенті мемлекеттің одан әрі қарай гүлденуінің бірден-бір кепілі болып табылатындығын көрсетті.
«Ұлттық сурет галереясының партия мүшелерінің атынан Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасын қолдаймын. Біздің ұжымда жұмыс жасайтын болашақтықтардың атынан «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша әлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік бергені үшін шексіз алғысымды білдіремін», - деді ол.
Спорт өкілдері – «Астана Арена» стадионының директоры Бауыржан Мұқашев, Азиада ойындарының бокстан чемпионы Данабек Сужанов та Н. Ә. Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтарын білдірді.
- Еліміздің барлық спортшылары атынан біз алдағы болатын Президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаймыз, - деп мәлімдеді Д. Сужанов.
«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері алдағы болатын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуға бірауыздан дауыс берді.
по материалам: mk.gov.kz