2015 жылдың 24-25 ақпанында Алматы қаласында «Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты халықаралық конференция өтеді. Конференция Ислам ұйымының білім және мәдениет саласы негізінде (ИСЕСКО) Жыл аясында өткізіледі.
Іс шараны Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, Алматы қаласының әкімдігі өткізеді.
Конференцияның ашылуына Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі А. Есімов, ИСЕСКО-ның Бас директорының өкілетті уәкілі және ислам ынтымақтастығы Ұйымына мүше (ИЫҰ) елдердің мәдениет министрлері қатысады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлы оқып береді.
Конференция алаңында 100-ден астам беделді сарапшылар, саясаттанушылар мен ИЫҰ-на мүше елдердің ғалымдары қатысады. Олар халықаралық ықпалдасу үдерістерін талқылап, ислам әлемінің тарихы мен мәдениетіне анализ жасап, көпжақты мәдени ынтымақтастықтың келешегін қарастырады. Конференция 4 секциядан тұрады:
1. «Ислам ынтымақтастығын ұйымдастыру – конфессияаралық және мәдениаралық диалогтың негізі». («Интер-континенталь» қонақүйі, Бал залы)
2. «Әлемдік ислам мәдениетіндегі Алматының рөлі мен маңызы» (Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының Экспозициялық залы)
3. «Ислам – төзімділік пен мейірімділік діні» (Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Конференц залы)
4. «Көп этникалық және көп конфессиялы қоғамдағы рухани-мәдени дәстүрлерді қайта қалпына келтіру мен сақтау» (Интер-континенталь қонақүйінің Астана-2 залы)
Конференция ИЫҰ-на мүше елдердің арасында ынтымақтастықты дамыту, Алматы қаласының мәдени шамасын көтеру, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу, исламның позитивті бейнесін жақсарту.
Конференцияның қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар мен қарарлар қабылданып, ИЫҰ елдеріне мүше ғылыми мекемелер мен мемлекеттік органдарға бағытталады.