2015 жылдың 28 ақпанында Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен «Менің Қазақстаным» Халық форумында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоқжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассамблеяға арналған құттықтау хатын оқыды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы — Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен этностардың бейбітшілік пен келісімінің, достығының негізі. Ассамблея экономикалық реформаларды, саяси және әлеуметтік негіздерді жаңарту ісінде маңызды орын алады», — делінген Президент хатында.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны қазақстандықтардың саналарында бірлік, толеранттылық, патриотизм мен еңбекқорлық сезімдерін тудыратын институт пен «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасының қозғаушы күші ретінде атап кетті.
по материалам: mk.gov.kz