Құрметті ханымдар!
Осынау маңызы зор, қастерлі де қасиетті күні мәдениет және спорт саласында еңбек етіп жатқан ең әдемі, ең нәзік жандар - әйел азаматшаларды, жалпы бүкілқазақстандық әйелдер қауымын айтулы мереке – 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел-Ана өміріміздің мәні, отбасымыздың сәні, қоғамдағы ыстық ықылас, мейірім мен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнар көзі. Ағайын-туыс, шаңырақтың құты мен бағы, отбасының ұйытқысы да, берекесі де – әйел. Қай қоғамда болмасын, ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде ақ жаулықты аналардың алар орны айрықша.«Ананың алдында асқар тау да аласа» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Әрбір шаңырақтың отын маздатып, қоғамның барлық саласын бағындыра білген, тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін аянбай етіп жүрген аяулы ана, асыл жар – сіздердің еңбектеріңізді айтып жеткізу мүмкін емес.
Олай болса осынау шуақты мереке көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін, құрметті нәзік жандар!
Баршаңызға еңбекте табыс, отбасылық бақыт пен береке, денсаулық тілеймін! Жүздеріңізден күлкі жүректеріңізден қуаныш кетпесін. Көктемнің шуағындай жер дүниеге жылулық ала келген мерекелеріңіз шаңырақтарыңызға құт болып қонсын.
Министр
А. Мұхамедиұлы
по материалам: mk.gov.kz