2015 жылдың 9 наурызында Астананың «Қазақстан» орталық концерт залында режиссер Рашид Сүлейменовтың «Оралу» көркем фильмінің тұсаукесері өтті.
Фильм Еуропада жұмус жасап, ұзақ уақыт бойы туған жерінде болмаған Мақсат есімді ғалым туралы баяндайды. Атасынан мұра болып қалған атқораларды сату үшін Мақсат бірнеше күнге Қазақстанға келетін болады. Бұл қысқа сапар оның өмірін күрт өзгертіп жібереді.
Кинофильмді «Қазақфильм» және «Көркемфильм» қазақстандық киностудиялар түсірді. Рашид Сүлейменовтың айтуына қарағанда, фильмді түсіруге деген шабытты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған еліне деген ыстық сезімдерінен алған болатын.
Фильмдегі басты рольдерді әйгілі қазақстандық актер Санжар Мәдиев («Обратная сторона», «Марко Поло», «Елки-2»), актриса, журналист және видеоблогер Аружан Жазылбекова («Рэкетир-2», «Ограбление по-казахски») сомдады. Фильм түсірілімі Астана және Алматы қалалары мен Алматы облысының Тұрар ауылында өткен болатын.
Жалпыұлттық көрсетілімге кинолента 19 наурызда шығатын болады.
по материалам: mk.gov.kz