Жастарға дұрыс тәрбие беру рухани-мәдени дәстүрді сақтау, жаңарту мен дамытуда маңызды орын алады.

25.02.2015 11:21 1907

                              Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева


«Жастарға дұрыс тәрбие беру рухани-мәдени дәстүрді сақтау, жаңарту мен дамытуда маңызды орын алады», - деп санайды Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева. Бұл жайында ҚазҰӨА ректоры «Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» халықаралық конференциясындағы пленарлық  отырыс барысында атап өтті.

Оның ойы бойынша, кез-келген халық, өзінің ерекшелігін сақтай отыра жалпы әлемдік мәдениетке өзінің мінезі мен ұқсастығы арқылы ұлттық ерекшелік көрінісін енгізе алады.

«Қазақстан – көпұлтты республика және бұл біздің байлығымыз. Ұлттық дәулетіміз бізді тек қана рухани жағынан ғана байытпайды, сондай-ақ бір-бірімізге деген төзімділікті күшейте түседі. Төзімділік қазақ халқының қанына сіңген қасиет және бүгінде ол ерекше мәнге ие», - деп атап өтті А. Мұсақожаева.

Бұл байлықты сақтау және оны әрі қарай дамыту – әлемдік мәдени кеңістікке кірігудің негізгі бағыттараның бірі және бұл ислам әлемі елдері арасында үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, рухани-мәдени дәстүрді сақтау мен дамытуда білім беру саласының алар орны ерекше.

Жыл өткен сайын Қазақстан мен Иран, Иордания, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия елдерімен шығармашылық байланыстар дамып, күшейіп келеді. Соңғы уақыттары Қазақ ұлттық өнер университеті мен Хусейн патша Консерватория қоры (Иордания), Иордания Университеті дизайн Факультеті, Иран Ислам Республикасындағы Ярмук Университеті және бейнелеу өнері Орталықтарымен ынтымақтасу бойынша Меморандумдарға қол қойылған болатын.

«Ұлттың мәдени мұрасы – бұл біздің ортақ байлығымыз, алайда ол ең алдымен келешек ұрпақтың игілігі. Өзге ұлттардың дәстүріне, төзімділігіне, ерекшелігіне, шыдамдылығына сай сай өскелең ұрпақты тәрбиелеу бұл құндылықты сақтаудың бірден бір жолы болып табылады. Сол себепті біз мәдениет пен өнер саласы аясында тек қана жоғары білімді  мамандарды дайындап қана қоймай, жастарға рухани тұрғыда дұрыс тәрбие беруіміз қажет, себебі тек қана рухани бай адам ғана өз халқының мәдени мұрасын бағалай және арттыра түсетіні анық», - деп атап өтті ҚазҰӨА ректоры.