Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар басталды

27.09.2013 10:24 2570


26 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұйымдастыруымен «Мәдени ландшафт мұра объектісі ретінде» атты халықаралық ғылыми семинар басталды.

Семинарға Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен мәдениет саласының үздік ғалымдары, Қазақстандағы мұражай және қорық-мұражай мамандары, мұражайтанушылар жиналды.

Семинардың алғашқы күні қатысушылар баяндамаларын оқып, мәдени ландшафт тақырыбын талқыға салды. Сондай-ақ «Мәдени ландшафт» концептінің теориялық-әдіснамалық негіздеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, топонимикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық мәселелерін, Қазақстанның тарихи топонимикасын тарихи-компаративті  тұрғыда зерттеудің өзекті мәселелерін, мәдени ландшафт объектісі болып саналатын тарихи және мәдени ескерткіштер, мәдени ландшафтың бөлігі ретіндегі материалдық емес мәдени мұраны және таңбалар мен тастағы жазуларды зерттеуге қатысты мәселелерді сөз қылды.

Семинардың екінші бөлігінде жиналған қонақтар Алматы облысы, Есік қаласындағы Есік тарихи-мәдени қорық мұражайына барып, Алтын адам табылған тарихи орынды аралады. Мұражай қызметкерлері шетелдік және қазақстандық ғалымдармен әңгіме дүкен құрып, тарих қойнауынан сыр шертісті.

Бүгін, яғни 19 қыркүйекте семинарға келген қонақтар Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан Таңбалы тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайына бет алды.