2015 жылдың 27-28 наурыз күндері Тараз қаласының «Баласағұн» концерт залында «Астана балет» театры қала тұрғындары мен қонақтарына «Шығыс рапсодиясы» жаңартылған бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаға театр ашылуында қойылған тұсаукесерлік номерлер мен қазақстандық хореографтардың су жаңа композициялары кірді.
«Шығыс рапсодиясы» – ескірмейтін дәстүрлер мен заманауи билерді біріктіретін, көктем үніне толы балет көрсетілімі. «Шығыс рапсодиясының» барлық номерлері халық музыкасы мен олардың заманауи өңделуі, шығыс классикалық және қазіргі заман шығармаларына қойылған.
Түрлі билерден тұратын бағдарламаны құру кезінде хореографтар Е. Құсайынов, Е. Брусиловский, Қ. Шілдебаев, Н. Римский-Корсаков, Б. Гафаровтың және «Тұран», «Chemirani» этно-фольклорлы топтардың шығармаларын қолданды. Кештегі орталық бөлімді «Қазақ вальсі», «Аққулар», «Қыз Жібек», «Арулар шеруі» секілді қазақ билері мен ұлттық тақырыптағы бірактілі балеттердің үзінділері алады. Бағдарлама номерлерінің авторлары – Гүлжан Тұтқибаева, Айгүл Тати, Мұқарам Авахри, Арман Нұрмахаматұлы (Қазақстан), Асанга Дамаск (АҚШ), Никита Дмитриевский мен Надежда Калинина (Ресей).
Кеш номерлерінің костюмдерін қазақстандық суретшілер Мүслім Жұмағалиев, Қайролла Әбішев, Алтынай Әлішева мен ресейлік Ольга Шаишмелашвили, Ася Соловьева дайындады.
по материалам: www.mk.gov.kz