Қазақстан Республикасының Сенаты ойын бизнесі туралы заң жобасын қабылдады

06.04.2015 09:27 1554

 

3 сәуір, 2015. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Сенаты отырысында ойын бизнесі туралы заңның жобасы бірінші оқылымда қабылданды.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

«Азаматтық іс жүргізу кодексінде интернет-казиноны заңсыз деп тану туралы іс жүргізу механизмі бекітіледі.  Ойын бизнесі туралы заңды бұзу үшін жауапкершілікті қамтитын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне «Ойын бизнесі туралы» Заң талаптарын бұзушылық үшін қосымша жауапкершілік енгізіледі», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Букмекер кеңселері мен тотализаторлардың кассаларына салық салу мөлшерлемелерін көтеру бөлігінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (Салық кодексіне) түзетулер енгізіледі. Ведомства басшысы айтып кеткендей, түзетулер букмекерлік конторалардан, олардың электрондық кассаларынан, тотализаторлар мен олардың  электрондық кассаларынан алынатын ай сайынғы салық мөлшерлемесін көтеру көзделген.

Депутаттар А.Күзеков пен Ж.Ерғалиев ойын бизнесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ интернет-казино қызметіне тыйым салуға, бумекер кеңселер мен тотализаторлардың қызметін бақылауды күшейтуді заңнамалық тұрғыда бекітуге бағытталған құжаттың маңыздылығын атап өтті. 

по материалам: mk.gov.kz