2013 жылдың 10 - 11 қазаны аралығында «ӘЛЕМДІК МӘДЕНИ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ЫҚПАЛЫ: ДИНАМИКАСЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Мәдениет – рухани құндылықтар жүйесі, қоғамдық сананың, ұлттың даралығын қалыптастыратын негізгі институттардың бірі, Қазақстан халқының рухани мұрасы мен мүмкіндіктерінің маңызды бөлігі.
Әлемдік мәдени кеңістікке ену дегеніміз – мәдени жетістіктердің шетелге танылуы, қазақстандық және әлемдік мәдениеттердің мақсат-мүдделерінің тоғысуы, мәдени тәжірибелермен, ғылыми жобалармен және бағдарламалармен бөлісу.
Осыған орай, Қазақстанның шет мемлекеттер арасында жақсы беделге ие болу мүмкіндігін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Яғни, отандық мәдениеттің жетістіктерін дәріптей түсу керек.
Сондықтан әлемдік ықпалдасу жағдайында отандық мәдениеттің басым да, тиімді әрі қауіпсіз бағыттарын айқындауға жетелейтін ғылыми-зерттеулер өзекті бола түспек.
Конференцияда отандық мәдениет дамуының теориялық және практикалық мәселелері қазіргі кезеңдегі интеграциялық үдерістермен байланыстырыла қарастырылып, талқыланады.
Ғылыми-практикалық талдау барысында Қазақстан мәдениетінің ерекшелігін еліміздің саяси бағытына, әлеуметтік-экономикалық құрылымымен, адамгершілік, шығармашылық, көркем мұрасымен және рухани әл-қуатымен бірлікте қарастыру көзделген.
Конференцияның негізгі бағыттары:
Конференция жұмысына сарапшылар мен философтар, социологтар мен саясаттанушылар, мәдениеттанушы, өнертанушылар, мәдени мекеме қызметкерлері, қоғамдық және мемлекеттік ұйым және БАҚ өкілдері қатысады.
ӨТЕТІН ОРНЫ: ӨТЕТІН УАҚЫТЫ:
Алматы қаласы, - қатысушыларды тіркеу: сағ. 09.00 – 09.45
Елебеков көшесі, 10 - дөңгелек үстелдің басталуы: сағ.10.00
(әл-Фараби көшесі қиылысы)
«PARASAT» қонақ үйінің конференц-залы
Байланыс тел: 8(727) 291 61 11; 291 46 54; 291 67 75;
+ 7 702 566 21 07; + 7 777 233 74 90
е-mail: ikpi.kz@mail.ru galiaf2@yandex.kz