Лувр және Эрмитажда XV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арнап жасалған екі қола шам сақталуда. Қазақстанда дәл осындай шамдардың төртеуі қалды. Қазіргі таңда оларды Тұңғыш Президент музейінде өтіп жатқан «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесінде тамашалауға болады.
Адам бойынан асатын шамдар араб жазуларымен безендірілген. Бұл жазбалар шамдарды әмір Темірдің бұйрығымен Исфахандық шебер жасағандығын баяндайды. Барлық әскери қақтығыстарда Ақсақ Темір тұтқындыққа қолөнершілерді алуды бұйырғандығы туралы баршаға мәлім.
Ирандық шебердің қолынан шамдар нағыз өнер туындылары болып шықты. Олардың салмағы өте ауыр – бір шамды бірнеше ер адамның көмегімен ғана орнынан ауыстыруға болады. Ең қызықтысы – бұл шамдардың басына май құйып, білтесін тұтандырса, оларды қазіргі таңда да қолдануға болады.
по материалам: www.mk.gov.kz