Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысы мәдени және рухани мұраларға бай екенін, оларды сақтау мен дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
– Шығыс Қазақстан – Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов туған киелі мекен. Олардың шығармаларында терең философия тұнып жатыр. Ұлы Абай барлық ұлттар бір әулеттің балалары екенін жүз жыл бұрын айтқан. Біз бүгін елдегі достықты, тұрақтылықты нығайтудамыз. Көптеген елдер 100 жылда да жетпеген нәрсеге біз небәрі 23 жылда қол жеткіздік. Егер тәуелсіздік сақталмаса, ел экономикасы дамымаса және әлеуметтік мәселелер шешімесе, халыққа игілікке кенелмейді. Бүгінде барлық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұрын Семейде жылу беруге байланысты проблема болды, 200 қазандық қаланы түтінге орайтын. Қазір бұл проблеманың бәрі шешілді. Біз Семей ГЭС-ін салу мәселесін ойластырып жатырмыз. Жалпы, Қазақстан дұрыс жолда келеді, саяси тұрақтылықты, өзара түсіністікті және достықты сақтау қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдаулары үшін кездесуге қатысушыларға алғыс айтып, еңбекте табыс тіледі.
Ескертіп кетсек, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы 1940 жылы құрылған.
20 мыңнан астам жәдігерлік сақталып отырған мекемеде 82 адам жұмыс істейді. Музей экспонаттары қатарында Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін сипаттайтын түпнұсқа құжаттар, этнографиялық және мұрағаттық материалдар, Шығыс классиктерінің сирек кітаптары, батыс философтарының шығармалары, ақын замандастарының естеліктері бар.
по материалам: www.mk.gov.kz