Атырауда Абай мұражайының көрмесі алғаш рет өтуде

13.04.2015 15:04 1524

  

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына және Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының 75 жылдығына орай 16 сәуірде «ХАКІМ АБАЙ ҰЛАҒАТЫ» атты көрме тұңғыш рет Атырау қаласындағы Облыстық өлкетану музейінде ашылады.

Көрменің басты мақсаты - ұлы тұлға, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметі және Абай ұрпақтары, ақын шәкірттерінің мұрасын Атырау жұртшылығына таныстыру, насихаттау.

Көрмеде Абай тапсырған заттар, сонымен қатар көрермен назарына ең алғаш ұсынылатын заттар мен құнды да қызықты деректер баршылық.

по материалам: www.mk.gov.kz