«Бақыт құсы» - Қазақстан халқының тағдыры туралы пьеса

14.04.2015 16:09 2033

 

14 сәуір, 2015. Астана. Қазақстан ұлттар театры танымал қазақстандық жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Бақыт құсы» пьесасының жаңа қойылымын ұсынады. Бұл туралы ҚР Президент Әкімшілігінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингісінде айтылған болатын. «Бақыт құсы» пьесасының жаңа қойылымын көрермендер Бейбітшілік және Келісім сарайының сахнасында 3D өлшемінде тамашалайтын болады.

Жақын арада Елорда көрермендері әйгілі қазақ драматургы Дулат Исабековтың «Бақыт құсы» пьесасының жаңа қойылымын тамашалауғы мүмкіндігі болады. Нұрқанат Жақыпбайдың бірегей режиссерлік идеясын құрамына отандық ұлттық театрлардың актерлері кіретін Қазақстан ұлттар театрының шығармашылық ұжымы сомдайтын болады.

Қазақстан ұлттар театрын құру идеясы туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы саммиттерінің бірінде айтқан болатын.

«Біз барлығымыз да бір халықпыз – қазақстандықтармыз. Күнде от пен судан өтіп жатқан достығымыз шынайы достық болып табылады», - деді қазақ жазушысы.

 Бір-біріне деген сыйластық сезімдерінен ғана емес, түрлі қиыншылықтардан тұратын халықтардың шынайы достығы туралы шығарманы жазу үрдісі авторға оңайға соқпаған. Д. Исабеков пьесасына күнделікті газет-журналдардан, теледидардан оқып, көріп жатқан бәрімізге үйреншікті достық туралы әңгімелер ғана емес, барша Қазақстан халқының тағдырын көрсетуге тырысып бақты.

Дулат Исабеков айтып кеткендей, «Бақыт құсы» пьесасы жаңа театрға арналып жазылды. Пьеса жазылып болған соң, әлі орыс тіліне аударылмаған нұсқаны сол уақытта Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры, бүгінгі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қолдаған болатын. Любовь Августовна Ни ханыммен бірлескен ол Елбасының Қазақстан ұлттар театры идеясын жүзеге асырушылардың алғашқыларының бірі ретінде аталмыш театрдың тұңғыш көркемдік жетекшісі болған еді.

по материалам: www.mk.gov.kz