22 сәуір, 2015. ШҚО. Өскеменде «Ұлы Отан соғысы: тарихы, әдіснамасы, осы күнгі ұғынуы» ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Шара «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММС Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастыруымен өтуде.
Конференция Қазақстан және таяу шетел халықтарының өмірін бір тарихи тағдырдай байланыстырған Ұлы Отан соғысындағы күрделі жеңісті осы күнгі ұғынуға арналған. Ұлы Отан соғысы КСРО-ның кеңес халқының басына ысырап шығындар мен ірі азаптар алып келген жеңісімен аяқталды.
Шара қатысушылары айтып кеткендей, әскери кезеңнің уақиғаларына баға беруде адалдық пен жауапкершілікті, жарияланған, сонымен қатар жария етілмеген дереккөздерімен жұмыстың әдіснамасы мен тәсілін, олардың түпнұсқалылығы мен деректілігін анықтау спецификасын құрауды талап етеді.
«Тарихи оқиғаның толық сипатын мұрағаттық құжаттар бере алады, сондықтан біздің басты мақсатымыз — өткеннің үнсіз куәгерлердің «сөйлеуіне» көмектесу», — деп ойымен бөлісті Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаментінің директоры Әлия Мұстафина.
Мұрағатшы мамандар ірі көлемдегі жарияланған және жарияланғанбаған дерек көздерімен жұмыс жүргізудің, олардың шынайылығы мен нақтылығын тексерудің жаңа әдістемесі мен әдістерін іздестіруде.
Қатысушылар жастардың бойында Ұлы Отан соғыстың фашизмді жеңуде, патриоттық, моральдық-өнегелік құндылықтар мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастырудағы мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ғалымдардың пікірінше, іс бұл тақырыптың зерттелу дәрежесінен ғана емес. Ең бастысы — біздің ата-бабаларымыздың сол қайғылы тәжірибесі туралы жады және де ол ұмытылмау керек, оқиғаларға дұрыс баға беру қажет. Айтылмаған, анықталмаған мәселелер баршылық.
Конференция жұмысында Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Татарстан Республикасының, Башқұртстан ғалымдары, Астана, Көкшетау, Қостанай қалаларының мемлекеттік мұрағаттарының, мұражайлардың, кітапханалардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және т. б. қатысуда.
по материалам: www.mk.gov.kz