Мәжіліс ерен еңбекті жоғары бағалады

21.04.2015 12:47 1519

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы өз ведомствасының бірқатар қызметкерлеріне «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жасақтауға белсенді қатысқандықтары үшін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г. Ықсанова атынан алғыс хаттар тапсырды.

Атап айтқанда, ҚР Парламент Мәжілісінің алғыс хаттарымен заң жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының мүшелері - Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасарлары Қуаныш Асылов пен Василий Порубаймех, Құқықтық жұмыс басқармасының басшысы Марлан Жолдахмет марапатталды.

Қуаныш Асыловтың пікірінше, заң жобасы жас азаматтардың мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін даярлау мақсатында жасалды.

«Заң Қазақстандағы жастар саясатының жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, сонымен қатар азаматтық пен қазақстандық патриотизм сезімін күшейту секілді негізгі мақсаттарын белгілейді", — деді ол.

Заң жастарды республикалық және аймақтық форумдарының, түрлі деңгейдегі сабағаттық-кеңестік органдардың жұмысына қатыстыру арқыла мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдерін реттейді.

Сонымен қатар жастар ресурстық орталықтары мен әлеуемттік қызметтердің жұмысы реттелген. Олардың қызметі жастардың зерделік, рухани, физикалық, шығармашылық дамуына, кәсіби даярлығы мен кәсіпкерлік мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік жасауға бағытталған.

 

по материалам: mk.gov.kz