Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты

20.04.2015 14:12 1486

 

 

2015 жылғы 18 сәуірде Астанада экологиялық айлық аясында «Біз таза қала үшін» сенбілігі өткен болатын. Қала коммуналды қызметтерімен бірге қаланы бұқаралық тазарту мен көгалдандыру жұмыстарына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкелері де қатысты.

Қалалық экологиялық сенбілікке қатысу идеясын ведомства ұжымы үлкен ынтамен қарсы алған болатын. Елдің Мәдениет және спорт министрлігінің ұжымы – бірінші басшыларынан бастап, барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне дейін  «Мәңгілік ел» ескерткішінің маңайына көтеріңкі көңіл-күймен жиналып, Елорданы аббаттандыру жұмыстарына қызыға кірісіп кетті.

Мемлекеттік қызметкерлер ведомстваға тіркелген аймақты құрылыстық қоқыстар, қардың астында жатқан былтырғы жапырақтар мен қоқыстардан тазартып, артылған аумақты көгалдандыру жұмыстарына қатысты.

Еске салып кетсек, экологиялық айлық Астанада 13 сәуір мен 13 мамыр аралығында өтеді. Бір ай көлеміндегі уақыт ішінде қаланың жайғастырылуы мен көгалдандырылу жұмыстары жүргізіліп, Елорданың әлеуметтік объектілері, саябақтары мен гүлзарларының аумақтары тазаланатын болады.

 

         

по материалам: www.mk.gov.kz