Итальяндық режиссер Джанкарло Дель Монако «Астана Опера» сахнасында «Абай» операсын қояды

23.04.2015 09:29 1654

  

Атақты итальяндық қоюшы режиссер Джанкарло Дель Монако А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай»операсымен жұмысты бастау мақсатында астаналық театрға келді. Аталған тұсаукесерді «Астана Опера» көпшіліктің назарына ағымдағы жылдың қыркүйек айында ұсынуды жоспарлап отыр.

Джанкарло Дель Монаконың ұлттық опералармен жұмыс жасауда тәжірибесі мол, оның итальяндықтармен қатар немістерге, француздарға, орыстарға жасаған туындылары дүние жүзінде жоғары бағаланады. Маэстроға Метрополитен Опера театрында қойған қойылымдары үлкен атақ әкелді, солардың ішінде Пуччинидің «Батыстан келген қыз», Вердидің «Симон Бокканегра» және Вердиді зерттеумен айналысатын американдық институттың марапатына лайықтыдеп танылған «Тағдырдың күші" қойылымдары бар.

«Абай» операсын қолға алмас бұрын қоюшы қазақ халқының тарихымен ұзақ танысты. Шағын сұхбат берген Джанкарло Дель Монакомырза Абайдың тау тұлғасын оны суреттегілердей жаңаша сомдауды көздемейтінін атап өтті. Негізгі мақсат — сан қырлы тұлғаның асқақ рухани байлығын жеткізу.

Спектакльдің сценографиясын қазақстандық көрерменге танымал итальяндық шеберлер Эцио Фриджериомен Франка Скуарчапино, сонымен қатар қазақстандық мамандар әзірлейді. Режиссер келіссөздер ұзақ жүргенін, сценографпен қойылымның ұсақ-түйегіне дейін талқылағандарын және операны қазіргі заманға сай етіп, жаны — Абай болып табылатын бүгінгі Қазақстанды көрсетуге келіскендерін тілге тиек етті.

Операда кинодағыдай әсер болады деп күтіледі. Қоюшылардың ойластыруы бойынша сахна барынша ашық болады, мұндай көрініс өзге елордалық театрлардың спектаклінде болмаған, сахнаның 20 метрлік кеңістігі көрініскежұмыс жасайды. Мұнымен қатар аталған операда сахнаның барлық техникалық мүмкіндігі, сондай-ақ 3D әсер түріндегі заманауи әдістер қолданылады.

«Абай» операсының қоюшы дирижері белгілі дирижер, аты аңызға айналған композиторымыз Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев екенін атап өткен жөн. Маэстро Бөрібаев «Абайдың" еуропалық тұсаукесерін 2012 жылы Алманиядағы Оңтүстік Тюрингияның мемлекеттік операсының сахнасында жүзеге асырып, туындыны өз редакциясында паш еткен еді, автордың түпнұсқадағы ойларын жандандыра отырып партитураны қателер мен түзетулерден тазартты. Астанада «Абай» операсы сол орындаған редакцияда қойылады. Жұмысқа әлдеқашан кірісіп кеткен маэстро «Астана Опера» солисттерін тыңдап, олардың дайындығы жақсы екенін атап өтті. Қойылым екі актіден және бес көріністен тұрады.

по материалам: www.mk.gov.kz