Астанада «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер ұйымының көркемөнерпаз шығармашылығы республикалық байқау-фестивалінің Гала-концерті өтті

22.04.2015 12:14 2146

22 сәуір, 2015. Астана. Бүгін Астана қаласында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу құрметіне арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер ұйымының көркемөнерпаз шығармашылығы республикалық байқау-фестивалінің Гала-концерті өтті.

«Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты көркемөнерпаз шығармашылығы республикалық байқау-фестивалінің Гала-концертіне іріктеу кезеңінен өтіп, облыстық фестивальде жеңіске жеткен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ардагерлер өнер көрсетеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, өз өнерлерін ортаға салатын ардагерлерімізді жоғары білікті мамандардан құрылған комиссия іріктеген еді.

Іс-шара ұйымдастырушылары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Байқау-фестивалінің басты мақсаты — ардагерлер шығармашылығын дамыту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсету, зейнет жасындағы азаматтардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және бос уақыттарында мәдени шаралар ұйымдастыруға жағдай жасау, халық шығармашылығының барлық түрлері мен жанрларын насихаттау болып табылады.

Байқау-фестивалінің іріктеу туры еліміздің барлық өңірлерінде келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Ән шығармашылығы: Өткен күндерге тағзым», «Мамыр вальсі": реорита, танго, вальс орындаушылардың би конкурсы», «Музыкалық және ауызша фольклор (айтыс форматында)", «Менің тағдырымдағы соғыс тақырыбы (өлең, әңгіме, авторлық әңгіме)" және «Аспаптық орындаушылық (домбыра, қобыз, баян, гитара, гармонь, балалайка және т. б.)".

«Музыкалық және ауызша фольклор (айтыс форматында)" номинациясында бірінші орынды Қызылорда облысының өкілі Дәріқұл Махамбетов иеленді. Екінші жүлделі орынға астаналық Күләш Қосбармақова ие болды. Үшінші орын дипломдарымен Иран Тасқара (Көкшетау қ.), Ольга Рыжова (Солтүстік Қазақстан облысы) марапатталды.

«Мүшәйра» номинациясында Ұлы Отан Соғысының ардагері Николай Панов (Атырау қ.) жеңіске жетті. Екінші орында — Аманолла Шайбеков (Қарағанды облысы). Үшінші орынға Юрий Литвинюк (Павлодар қ.) ие болды.

«Аспаптық орындаушылық (домбыра, қобыз, баян, гитара, гармонь, балалайка және т. б.)" жанрында Жамбыл облысының өкілі Балтабай Дәуірбеков үздік болып танылды. Екінші орынды Маңғыстау облысының өкілі Орын Құлсариев пен тараздық Николай Макаров бөлісті. Үшінші орында — Жұмабай Жансүгіров (Ақтөбе облысы) және Иван Батайкин (Солтүстік Қазақстан облысы).

«Ән шығармашылығы: Өткен күндерге тағзым» номинациясында бірінші орынға Шымкент қ. тұрғыны Жақсыбай Оңалбекұлы ие болды. Екінші орынға Қызылорда қаласының өкілі Бибіажар Абдуллаева, М. Боқаев пен М. Елдесбаевтар дуэті, Нұрлан Салахатдинов (Батыс Қазақстан облысы) ие болды. Үшінші орында — Бидас Рүстембеков (Қызылорда облысы), Алматы облысы Талғар қ. ардагерлер вокалдық тобы, «Криницы» вокалдық тобы (Қарағанды облысы).

«Мамыр вальсі": реорита, танго, вальс орындаушылардың би конкурсы» номинациясында Алматы облысының өкілі Үмітжан Ботбаева конкурстың жүлделі орнына ие болды. Екінші орында — Роза Боранбаева (Қызылорда облысы) және Қуанған Иманхан (Солтүстік Қазақстан облысы). Үшінші орынды Күлімхан Әділбекова (Шығыс Қазақстан облысы) мен маңғыстаулық «Ардагерлер» би тобы бөлісті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө. Озғанбаев құттықтау сөздерін оқып, аталмыш шараның маңыздылығы мен көкейкестілігін атап өтіп, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ конкурс аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған көркемөнерпаз шығармашылығы республикалық байқау-фестивалінің көрмесі ұйымдастырылды.

по материалам: www.mk.gov.kz