Қазақстан мәдениет және спорт қайраткерлері елдің гүлденуі мен тұрақтылығы үшін дауыс берді

26.04.2015 10:54 1505

 

 

2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстанда Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауы өтуде. Таң ертесімен қазақстандықтар кезектен тыс сайлауға атсалысу үшін өздерінің сайлау учаскелеріне келді. Барлық қазақстандықтар үшін сайлау – ол, ең алдымен, елдегі бейбіт және жарқын өмірдің сақталуы дегенді білдіреді. Мемлекет болашағы үшін дауысын мәдениет және спорт қайраткерлері де берген болатын.

Танымал спортшыларымыз Илья Ильин, Жасұлан Қыдырбаев, Денис Тен, Данияр Елеусінов, Назым Қызайбай, Жәнібек Әлімханұлы, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова және отандық спорттың басқа да көрнекті өкілдері дауыс берушілердің алғашқыларының қатарында болды. Шет елдерде жаттығып немесе түрлі сайыстарда жүрген 106 спортшымыз да сайлау науқанынан тыс қалмады. Олар Қазақстан дипломатиялық өкілдіктерінде орналасқан сайлау учаскелеріне келудің жоғары дәрежесін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана қаласындағы Қазақстан ұллтық академиялық кітапханасында орналасқан №89 сайлау учаскесінің алғашқы қонағы болды. Оған ең бірінші бюллетень бұйырды.

«Қазақстанның гүлденуі мен тұрақтылығының сақталуы біз үшін өте маңызды. Бұл тек менің ғана емес, шет елдерде тұратын достарымның да пікірі. Шынымды айтсам, олар бүгін қатты қобалжып жатыр, өйткені тәжірибе көрсетіп отырғандай, елдегі жағдай ел басына тәуелді», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Өздерінің сайлау құқықтарын «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының шығармашылық ұжымы да пайдаланды. Театрдың 700 қызметкері туған елінің одан әрі қарайғы өсуі мен көркеюі үшін бір кісідей дауыс берді.

Одан басқа өз азаматтық міндеттерін бұл күні Штаттық ұлттық құрама командалары мен спорттық резерв дирекциясы, спорт түрлері бойынша олимпиалық дайындық орталықтары, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды олимпиалық дайындық орталықтары, Спорттық медицина және қалпына келу орталығы және тағы басқа мекемелердің ұжымдары білдірді.

по материалам: mk.gov.kz