«Астана Опера» Отан қорғаушылар күніне орай ерлер балетін ұсынады

29.04.2015 11:05 1734

 

2015 жылдың 7 және 16 сәуір күні «Астана Опера» театры Отан қорғаушылар күніне орай аты аңызға айналған хореограф Ю. Н. Григоровичтің қойылымындағы ерлердің «Спартак» балетін ұсынады. Эпостық-батырлық балет Симон Вирсаладзенің сценографиясы бойынша Арам Хачатурянның мәңгі өшпейтін музыкасына қойылған.

Басты партияда өнер көрсететін «Астана Опера» театрының солисттері - Бақтияр Адамжан (Спартак), Арман Оразов (Красс), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева (Фригия), Әйгерім Бекетаева (Эгина) — бұл бишілер құрамын көрермен 7 мамырда тамашалайды. Осы партияларды 16 мамырда өзге солисттердің орындауында тамашалауға болады, олар: Досжан Табылды (Спартак), Арман Оразов (Красс), Әнел Рүстемова (Фригия),ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина (Эгина). Дирижерлық тізгінде — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаһанов.

«Спартак» балетімузыка, хореография мен көркем суреттің асқан үйлесімділігінің мысалы болып табылады. Бұл заманауи балет өнеріндегі ерлер биі басым келетін санаулы классикалық жауһарлардың бірі.

Балеттің сюжеті Рим республикасында б. д.д. 73-71 жылдары өрбиді.Қатыгез қолбасшы Красс басқарған Рип империясының легионы айдың аманында — бейбіт күнде қазаға ұшырайды. Тұтқынға түскен адамдар құлға айналады. Олардың ішінде Спартак бар. Алайда Спартак бұған көнбек емес, себебі ол өмірін құлдықта елестете алмайды. Спартак өзінің ғашығы Фригиядан қол үзіп қалады, себебі оны қолбасшы Крассқа алып кетеді. Қолбасшының өмірлік серігі -Эгина болса, сүйіктісінің жаңа күңге көз салғанына алаңдаулы. Көңіл көтеру кезінде Красс ойын-сауық үшін гладиаторларды алғызады да, аңғалағы жоқ дулығаны кигізіп, бірін-бірі көрмей өлгенше шайқассын деп бұйырады. Спартак жеңеді, алайда ол өзінің жолдасын өлтіруге мәжбүр болғанын біліп, қапаланады. Бұдан былай бұған төзгісі келмеген Спартак бостандық үшін күресуге бел буады.