2015 жылдың 4 мамырында «Астана балет» Театры Будапешт қаласының Өнер сарайында «Шығыс рапсодиясы» қойылымының жаңартылған бағдарламасын ұсынады. Оған театр ашылған кездегі премьералық номерлермен қатар қазақстандық хореографтардың мүлде жаңа туындылары да кіріп отыр.
«Шығыс рапсодиясының" барлық номерлері халықтық музыкаға және оның қазіргі заманғы өңделген әуендеріне, шығыстық классика мен заманауи шығармаларға қойылған. Хореографтар номерлерді дайындау кезінде К. Караевтің, Е. Брусиловскийдің, Қ.Шілдебаевтың музыкасын, сонымен бірге «Chemirani» және «Тұран» этно-фольклорлық тобының композицияларын пайдаланды.
Бағдарлама әралуан сипаттағы билерден тұрады. Қазақ билерінің алар орны ерекше. Сонымен қатар бағдарламаға ұлттық нақышта қойылған бірактілі балеттерден үзінділер мен әлем халықтарының билері енгізілген. «Әрбір би — әлде бір ел өмірінің хореография тілімен жеткізілген кішігірім моделі іспеттес.
Бұл белгілі қазақстандық ұжымның Венгрияға тұңғыш сапары. «Астана балет» Театры Будапештің Өнер Сарайында өнер көрсетеді. Бұл сарай 2005 жылы наурыз айында ашылған. 2006 жылы (FIABCI) Кәсіпқойлардың Жылжымайтын мүлік нарығы Халықаралық Федерациясының Prix d'Excellence жүлдесін жеңіп алды. Ғимараттың ішінде Бел Бартоктың Мемлекеттік концерт залы, Қазіргі заманғы өнер мұражайы мен Театр орналасқан.
по материалам: www.mk.gov.kz