Құрметті қазақстандықтар, қымбатты достар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке Қазақстан халқының Бірлігі мен Татулығының символы болып табылады. Елбасының сындарлы да бұлжымас саясатының арқасында түрлі діни конфессиялар мен этнос өкілдері Қазақстанда бейбіт және тату-тәтті өмір сүріп, ортақ үйіміздің жарқын болашағын құруда.
Барлық этнос өкілдерінің мызғымас достығы мен өзара сыйластығы – ертеңгі күнге деген сенімділіктің, болашақ жеңістер мен жетістіктердің кепілі.
Мерекелеріңізбен тағы да құттықтай келе, барлық қазақстандықтарға денсаулық пен бақыт, сәттілік пен саулық, өзара түсіністік, көтеріңкі көңіл-күй мен ашық аспан тілеймін!
по материалам: www.mk.gov.kz