4 мамыр, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл қайраткерлерін құттықтады. Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында өткен шараға Министрлік қайраткерлері, ардагерлер мен Астана қаласы Есіл ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Министрлік өкілімен кездесуде батыр аталарымыз соғыстың қиыншылықтары мен тауқыметі туралы баяндап, естеліктерімен бөлісті.
Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың саны жылдан-жылға азайып келеді. Олар кетіп, есімдері шежіреге айналып жатыр. Есіл ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Адығаева айтып кеткендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында майдангерлер мен тыл қайраткерлері мемлекеттің жан-жақты қамқорлығы мен қолдауын үнемі сезіп отырады.
«Бірнеше жылдар бойы біз мемлекеттік органдармен, «Нұр Отан» партиясымен, Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз жұмыс жасап келеміз. «Ардагерлерге құрмет» жобасының арқасында, ортақ күш салып, бізді үнемі қомқорлыққа алып жүреді. Бүгін Мәдениет министрлігі керемет кездесу өткізді. Олар біздің өтініштерімізге әрдайым жауап беруге дайын», - деді Кеңес төрайымы.
Ведомстваның жауапты хатшысы Қ. Уәлиев мәдениет, өнер және спорт саласының барлық барлық қызметкерлері атынан майдангерлер мен тыл қызметкерлерін келе жатқан Ұлы Жеңістің 70-жылдығымен құттықтап, Отан еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен ерлігі, батылдығы үшін алғыс айтып, барлығына ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледі.
Салтанатты кездесу соңында жеңімпаз сарбаздарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі атынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
по материалам: www.mk.gov.kz