Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында Жеңіс күніне арналған әдеби-танымдық кеш өтті

12.05.2015 16:09 1865

 

 Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында 6 мамырда Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойына орай арналған әдеби-танымдық кеш өтті. 

Ұлы Отан соғысының шежіресіне Семейлік жауынгерлер де үн қосты. Сол аяулы азаматтардың бір тобы – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ұрпақтары. Олар Отанды зұлым жаудан қорғап, қан майданда ерлік көрсетті, көбі туған елге қайтып оралмады. Ұлы Отан соғысына Абай ұрпақтарынан 9 адам қатысқан. Олар: Мағауия немерелері-Ишағы, Берекехан мен Жошыхан, Ақылбай немерелері-Ғабдісләм мен Әлихан, Мекайіл немерелері-Ғұзайыр мен Әлішер, Ізкәйіл немересі—Тоқташ, Тұрағұл немересі-Алпаш. Олардың екеуі Алпаш Оспанов пен Ишағы Мағауина Ұлы Отан соғысынан аман есен оралған.

Кешті мұражай директоры, ф.ғ.к., доцент Ж.Әубәкір ашып, жетекші ғылыми қызметкер Н.Өмірбекова Ұлы Отан соғысына қатысқан Абай ұрпақтары туралы баяндама жасады.

Кеш барысында Абай мұражайының қорында сақтаулы Абай ұрпақтарының майдан шебінде жүріп жазған хаттары оқылып, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті дайындық бөлімінің оқытушысы Д.Иса Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, әскери оркестрдің қызметкері Б.Байтолықовтың орындауында Абай әндерінен әсем попурри орындалды.

Мерекелік кешке қаланың зиялы қауым өкілдері мен оқу орындарының студенттері қатысты.

по материалам: www.mk.gov.kz