Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында балалар шығармашылығының «Қазақстан - алтын бесігім» көрмесі өтті

13.05.2015 12:31 1710

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 мамыр, 2015. Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында «Қазақстан – алтын бесігім» атты балалар шығармашылығы байқауына ұсынылған жұмыстар көрмесінің ашылуы өтті.

Жас өнерлілердің байқауын Қазақ хандығының 550 жылдық және ұлы ақынымыздың 170 жылдық мерейтойларына орай Абай мұражайы мен «Жас қанат» балалар шығармашылығы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Көрменің ашылу салтанатында «Жас қанат» орталығы шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.

Семей қаласындағы сурет өнеріне бейімі бар мектеп оқушыларының туындылары және қолөнер бұйымдары байқауының жеңімпазы атанған және үздік деп танылған оқушылардың шығармалары осы көрмеден орын алды.

Нәтижесінде жүлделі 1 және 2 орынды «Балалар шығармашылық мектебінің» тәрбиеленушілері Елеуова Камилла мен Аманғалиева Назерке өзара бөліссе, 3 орынды № 30 мектептің оқушысы Әлібек Сайлаубеков иеленді.

по материалам: www.mk.gov.kz