13 мамыр, 2015. Астана. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан православие шіркеуі басшыларына «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы» естелік медальдарын табыстады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен елдегі қоғамдық келісімді күшейту, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай мерейтойлық медальдармен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Малғажыұлы Маямеров пен Қазақстан православие шіркеуі Митрополит округінің Басшысы Александр марапатталды.
Медалдарды табыстау миссиясын орындау кезіндегі өзінің құттықтау сөзінде Мәдениет және спорт министрі ислам мен православие көпұлтты Қазақстан халқының руханилығы мен мәдениетінің аса маңызды тұғырына айналды деп атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның ең ірі діни конфессиялары көшбасшыларының бітімгерлік миссиясы алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенімін білдірді.
«Қазақстан Республикасы бүгінде әлемде конфессияаралық келісім үлгісі ретінде танылып отыр. Еліміздегі ислам мен православиелік христандықтың көптеген ғасырлар бойы бейбіт қатар өмір сүруі халқымыздың ауызбірлігінің дәлелі бола алады.
Әрбір дін өз тілінде адамдарға жалпыадамзаттық құндылықтарды жеткізе отырып халықтың сан ғасырлық рухани құндылықтарын сақтаушы ретінде көрінеді, - деп, - Православие мен ислам – Қазақстан руханиятының негізі» депҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәстүрлі діндердің қоғамдық өмірімізде алатын орны туралы анық айтқан болатын. Дінаралық сұхбат, соның ішінде әсіресе православие және ислам арасындағы байланыстар өзара тығыз және олардың болашағы зор», - сөзін жалғастырды А. Мұхамедиұлы.
Ислам және православиелік христианствоның көшбасшылары өз кезегінде Елбасының олардың қызметіне берген жоғары бағасы мен дінаралық келісімді күшейту жолындағы еңбектерін жалғастыруға дайындығын білдірді.
по материалам: www.mk.gov.kz