АСТАНА. ҚАЗИНФОРМ – Қазақстандық музей қызметкерлері Мемлекеттік Эрмитажға машықтануда өтуге барады. Бұл жайында пресс-конференцияда Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов мәдімдеді.
Осы жылы ҚР Ұлттық музейі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және Мемлекеттік Эрмитаж арасында ынтымақтастық жайлы үш жақты келісім-шартқа қол қойылғанын ол мәлімдеді.
«Бұл ынтымақтастық бағдарламасының құрамына тарих, мәдениет, археология, музейтану және қайта қалпына келтіру мамандық иелері кіреді», - атап өтті ол.
Андрей Хазбулатов сондай-ақ құжат Эрмитаж бен Ұлттық Музей арасында ғылыми конференциялар, семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелерді өткізуді жоспарлайды деді.
«Аталмыш бағдарлаға қол қою және оны жүзеге асыру адамдарды мәдениет пен өнерге жақындастырып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түспек» - деп атап өтті ол.
www.inform.kz: материалы бойынша