2015 жылдың 13 мамырында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында Қоғамдық кеңес қызметін қайта құруға арналған жұмыс тобының жиналысы өтті. Отырыстың басты мақсаты жарнамалық копирайттардың мемлекеттік тілдегі сапасын арттыру болды.
Кездесуді ҚазҒЗМИ мен «Мэлс Ержанова» жеке фонды ұйымдастырды. Кездесуге жарнамалық компаниялардың өкілдері: Е Савина, А. Балмұхаметова, А. Мейрамқұлов (Starcom); О. Петрунина, Д. Қошанов (DAS Marketing); Е. Қорғанбекова, Д. Атшабарова, Н. Штейнтрешер (BBDO ЦА), Қазақстан жарнама компаниясы Ассоциасының президенті Б. Қожақов және World Bridge аударма Бюросынын Е. Тоғыбаев қатысты.
Қатысушылар Қоғамдық кеңесті құру идеясын қолдап, мемлекеттік тілдегі жарнамалық копирайттардың сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, жұмыстың алға басуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, Е. Савина Кеңесті арнайы құқықтық мәртебе ретінде бекітіп, оған құқықтық ортадағы өзекті уәкілеттілік пен міндет беру керек деп ұсыныс айтты.
Пікір-таласқа О. Петрунина мен Б. Қожақов белсене атсалысты. О. Петрунина қолданыстағы заңнаманың талаптарына «бағынбайтын» жарнамалық компанияларға салынатын айыппұлды күшейту қажет екендігін атап өтті. Өз кезегінде Б. Қожақов заңнамалық нормаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық кәсіпкерлер Палатасымен ынтымақтасып, мемлекеттік тілдегі копирайттарды сапалы түрде жасау керек деп айтты. Отырысқа келгендердің басым көпшілігі Қоғамдық кеңес республикалық статусқа ие болуы тиіс және ол еліміздің барлық территориясына, барлық облыстарға бірде әрекет етуі керек деген пікірде болды.
Тағы да бір туындаған мәселе ол теледидар мен радиоға орналастырылатын аудио-визуалды жарнаманың сапасы туралы болды. Одан өзге қазақ тілінің орфоэпиясын дұрыс сақтамау жайлы айтылды.
Жиналыстың аяғында мемлекеттік тілдегі жарнамалық копирайттардың сапасын мақсатында Қоғамдық кеңес құру және оның ары қарайғы қызметі қалалық биліктің және ҚР мәдениет және спорт Министрлігі және жалпы қоғамдық қолдауға ие болуы қажет.