2015 жылдың 14 мамырында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Бас директоры А. Хазбулатов тарапынан және Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының ректоры В. Рушанин тарапынан өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.
Құжат келесі бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады:
- Профессорлық-оқытушы құрамның және ғылыми қызметкерлер мен студенттер, магистрант, аспиранранттар және докторанттардың қатысуымен халықаралық ғылыми-зерттеу және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, практикум, әртүрлі деңгейдегі тренингтер, шығармашылық пікір-таластар, мастер-класстар өткізу;
- Ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын бірлесіп жасақтау және жүзеге асыру;
- Ресей мен Қазақстанның ұлттық мәдениеті жетістіктерін өзара таныстыру;
- білім беру бағдарламалары менен ғылыми жинақтардың жиынтығын және ғылыми монографияларды жарыққа шығаруға екі жақтан да мамандардың қатысуы мен жүзеге асыру;
- біліктілікті арттыру және оқыту бойыншаақпараттармен және тәжірибемен алмасу,
- саяхат көрмелер ұйымдастыру;
- мәдени-білім беретін және ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыру;
- екі тараптан да біліктілікті арттыру мақсатында машықтанудан өту аясында ғалымдар мен мамандар тәжірибесі менен алмасу;
- жекеленген жәдігерлер мен коллекциялардың көшірмесін дайындауға мүмкіндіктер туғызу және ғылыми, құжаттама, әдеби және библиографиялық басылымдармен өзара алмасу;
ҚазҒЗМИ мен Академия арасындағы келісім-шартты жүзеге асыру мәдениет саласының қызметкерлерінің білімін дамыту мен қатар екі елдің қарым-қатынасын бекіте түсетіні анық.