Солтүстік Қазақстан облысының мұражай бірлестігі «Бірліктің бесігі» көрмесін ұсынады

18.05.2015 00:00 1731

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 ж. 20 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Солтүстік Қазақстан облысының мұражай бірлестігінің қорынан «Бірліктің бесігі" атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

«Ұлттық игілік» музейаралық серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылған «Бірліктің бесігі" көрмесі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Экспозиция көрермендерді өлкенің полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихымен таныстырады, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы жұмыстарының қолжеткізген жетістіктері жайлы баяндайды.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылыТәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.

1995 жылдың 1 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында Кіші Ассамблея құрылып, оның құрамына 7 ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері енді. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 23 этномәдени бірлестіктерімен қатар «Бірлік» жастар бірлестігі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлар бірлестігінің коллекцияларында Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын көптеген этностардың тарихы мен дәстүрлі мәдениеті туралы баяндайтын бірегей этнографиялық материалдар сақталған. Солтүстік Қазақстан аумағы «Ащы сызық" және Столыпиндік аграрлық реформалар жүргізу кезіндегі әскери казактарының құрамындағы орыс, украин және беларусь шаруалары үшін туған үйіндей болды. Петропавл қаласының салынуы және жергілікті сауданың дамуы Солтүстік Қазақстанға татар көпестері мен шаруаларының қоныс аударуына ықпал етті.

«Бірлік бесігі" көрмесінің үлкен сахналық көріністері - киіз үйлер, ағаш үйлер мен реконструцияланған шаруашылық аулалар қазақ, орыс, казак, татар, неміс және поляк ұлттарының дәстүрлі мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы баяндайды. Экспозицияның ерекше бөлігі көрмеге келушілерді Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлар бірлестігінің жинақтарында сақталған бірегей этнографиялық материалдардың негізінде қазақстандық көпконфессиялы қоғамның қалыптасу тарихымен таныстырады.

по материалам: www.mk.gov.kz