Ұлттық компаниялар әлеуметтік әріптестікті дамытуда

20.05.2015 14:17 1615

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚО. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімі және қазақстандық-канадалық «Инкай» бірлескен кәсіпорнының Бас директоры Дэррил Кларк аймақтың әлеуметтік саласының даму мәселелерін талқылады.

Жергілікті билік өкілдерімен кездесулер барысында Дэррил Кларк құрылтайшылары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және канадалық компания  «Cameco Corporation» болып табылатын «Инкай» кәсіпорны Қазақстандағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі белсенді саясатын қолдайтындығын айтып өтті.

«Біз өндірістік объектілеріміз орналасқан аймақтың әлеуметтік дамуын қолдау мәселелеріне ерекше мән береміз. Әлеуметтік, спорттық-сауықтыру және тұрғын үй-коммуналдық сипаттағы объектілерді қалпына келтіру және жаңартуға көмек көрсетуге дайынбыз», - деді кәсіпорын басшысы.

Аудан әкімі өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлермен өзара тиімді байланыстар орнатып, өзгертулер мен жаңа әлеуметтік бағдарламаларды талап ететін келелі мәселелерді анықтауға дайындығын білдірді. Нақты айтқанда, бұндай шаралардың қатарына төтенше жағдайлармен байланысты іс-шаралар, ардагерлер, мүгедектер қоғамдық ұйымдары мен балалар үй-интернаттарына көмек көрсету, мәдени жобаларды, спорттық және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, аймақтың заманауи әлеуметтік инфрақұрылымын жасақтау және т.б.

Айтып кету керек,  «Инкай» бірлескен кәсіпорнының ұжымы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерейтойын тойлаудан тыс қалған жоқ. Соғыс қарсаңында Дэррил Кларк аудан орталығында тұрып жатқан ҰОС ардагерлерін құттықтауға қатысып, Ардагерлер үйіне құттықтап барды. Оларға естелік сыйлықтар тапсырып, материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар Д. Кларк жуыр арада ардагерлердің тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге уәде берді.

по материалам: mks.gov.kz