Елордадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында Славян жазбалары мен мәдениеті күні аталып өтті

20.05.2015 14:27 1777

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 мамыр, 2015. Астана. Бүгін қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан халқы славян жазбалары мен мәдениеті күні Ресей ғылым және мәдениет орталығында аталып өтті.  Славян жазбалары мен мәдениеті күндерінде республика аймақтарында дөңгелек үстел, конференция, концерт, кітап көрмесі, әртүрлі байқаулар мен викториналар ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ресей ғылым және мәдениет орталығында «Ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтары: тілі, мәдениеті, жазбалары» атты тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар айтып кеткендей, өңгелек үстелдің мақсаты – ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының тығыз қарым-қатынасы, орыс және басқа да славян тілдерін үйрету саласында қалыптасқан тәжірибе алмасулар, Қазақстанның этномәдени кеңістігінде славян тілдерін сақтау мен дамытудың түрлі аспектілері төңірегіндегі пікір алмасулар.

қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдардың славян зерттеулері, әлеуметтану, лингвомәдениет, аударма саласындағы баяндамалары тыңдалады.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Д. Таумұратұлы, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесшісі Е. Лысенко, Қазақстан Республикасындағы Беларусия Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы В.Сверчков, сонымен қатар  қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар, әлеуметтану, лингвомәдениет, аударма саласының мамандары қатысты.

Шара 23 мамырда Қазақ Ұлттық өнер университетінің концерт залында өтетін Славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған мерекелік концертпен жалғасын табатын болады.

по материалам: mks.gov.kz