2015 жылдың 22 мамыр күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Өнер және мәдениет қызметкерлерінің күніне орайластырылып тұңғыш рет «Музей түні» іс-шарасы өткізілді.
«Музей түні» іс-шарасы «Казмузейм» сайтының бас редакторы Нұрсерік Жолбарыстың қазақстандық музей қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан музейлерінің қызметін интернет кеңістігіне бейімдеу» атты семинар-тренингінен басталды. Сонымен қатар, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бөлім меңгерушісі, белгілі археолог, т.ғ.к. Арман Бейсенов «Орталық Қазақстан: Талды обасы» бойынша дәріс оқыды.
«Остров Крым» зертханасының жетекшісі, белгілі қалпына келтіруші Қ. Алтынбековтың «Cармат абызының қайта тууы. Қазба жұмыстарынан музейге дейін» атты көрмесі ресми ашылды.
«Музей түні» іс-шарасы белгілі археолог, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері Бекмұханбет Нұрмұханбетовты Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 80 жасқа толуына байланысты құттықтау сөзімен басталды.
Мерекеге келушілерге музей залдары бойынша шолу экскурсиялары жүргізіліп , ал әрбір 100-ші келушіге «Есік» қорық-мұражайының абонент билеті берілді.
«Музей түнінде» қолөнер шеберлерінің мастер-кластары, «Алтын адаммен» бірге суретке түсу, сақ тақырыбына арналған кәдесыйлардың сатылымы, ат арбамен қорық-мұражай аумағында серуендеу, ұлттық ойындар, «Музей түні» шамдарын ұшыру сынды қызғылықты шаралар да ұйымдастырылды. Қорық-мұражай суретшілерінің осы іс-шараға арнайы дайындаған инсталяциялары көрермендердің фотосессия орнына айналды.
Сонымен қатар шара барысында бірнеше халықаралық байқаулардың және «Алтын адам» сыйлығының лауреаты, опера әншісі – Гүлнәр Нұрғалиева, «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жас әнші Асқар Әкімбек және Есік гуманитарлық экономикалық колледжі студенттері қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласының вице-мэрі және Силла мәдени мұраны ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері болса, жалпы «Музей түніне» келушілер саны - 3000нан асты.
по материалам: mks.gov.kz