2015 жылдың 23 мамырында қалыптасқан жыл сайынғы дәстүр бойынша Қазақстан жұртшылығы Славян жазбалары мен мәдениеті күндерін жыл сайын атап өтеді. Бұл күннің атап өтілуінің өз шығу тарихы бар, ол сонау IX ғасырда Кирилл мен Мефодидің құрастырған славян әліппесінен бастау алады, бүгінгі «Кириллица» әліппесі осы ағайындылардың бірінің атымен аталады.
Қазақстанның мәдениетінде славян жазбалары мен славян халықтары шығармашылығының өзіндік орны бар. Осы мерекенің идеясы славян және басқа этностар шығармашылығы әлеуетінің көрінісі ретінде Қазақстанда кең қолдау тапқан. Себебі ұлттық тілдер, славян әліппесі негізінде жасалды және ол адамдар арасында өзара түсіністікке жол ашумен қатар, жазба әдебиеттің дамуына да зор ықпал етті.
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында этностардың тілдерін сақтау және олардың мәдениетін өзара байыту үшін қажетті шаралармен қамтамасыз ету көзделген. Этностардың мәдени шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Осыған баланысты мереке құрметіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Астана қаласының славян этномәдени бірлестіктері ұйымдарының шығармашылық ұжымдары мен өнер шеберлерінің қатысуымен мерекелік концерт өткізді.
Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Қ.Ж. Асылов мырза қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының басшылары мен мүшелері, қоғам қайраткерлері, дін өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары және Астана қаласының ғылыми-педагогикалық және шығармашылық қауымы, сонымен қатар Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілігінің кеңесшісі Е.В. Лысенко, Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі басшысының орынбасары С. К. Журавлев қатысты.
по материалам: mks.gov.kz