Қазақстан Республикасындағы Италия елшілігі 2015 жылдың 7 маусымында "Алтын Тұлпар" спорт кешенінде «Қазақстан Гран при Тушиа» ат жарысын өткізеді. Іс-шара сағат 10.00 ден 19.00-ге дейін өтеді. Негізгі көрініс сағат 15.00 де басталады. Ат шабыста итальяндық "Наездники Мареммы" командасы және «Тұлпар» мен «Алтын Тұлпар» командаларынан тұратын Қазақстан құрамасы катысады. Интерклубтық конкур Қазақстан Республикасы ат спорты Федерациясы мен қазіргі заманғы бессайыс Федерациясы патронажында өтеді.
Іс-шара келесі төрт санатты конкурдың кедергілерін жеңуден тұрады – әуесқой, балалар, жасөспірім және кәсіби. Бұл санаттарда Қазақстандық қазіргі заманғы бессайыс спортшылары қатысады. Ат үстінде кедергілерді жеңу бессайыстық спорттың бірі болып табылады.
Шабыста итальяндық команда жергілікті жылқыларды пайдаланады, бірақ өздерінің дәстүрлі Маремма ер-тоқымдарын қолданады. Итальяндық ер-тоқымдар қазақтардың күнделікті жылқыларға қолданатын ер-тоқымынан айырмашылығы айтарлықтай коп емес екенін атап өткен жөн.
Ұйымдастырушылар осындай ең алғаш өтейін деп тұрған мәдени-спорттық іс-шара, ат жарыстарын қастерлеу мен жылқыға деген сүіспеншілігін қазақ және италья халықтарының жақындығын көрсетеді деген сенімде. Екі елдің қоғамдастығы Қазақстан мен Италия арасындағы әріптестіктің дамуына әсерін тигізіп, сонымен қатар, елдегі жылқы жарыстарының кеңінен танымалдығын арттырады.
Өтетін орны:Астана қаласы, "Алтын Тұлпар" спорт кешені
Уақыты: Іс-шара сағат 10.00 ден 19.00-ге дейін өтеді. Негізгі көрініс сағат 15.00 де басталады
Сұрақтар бойынша хабарласыңыз: 87078048655, Жибек