БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 маусымды Халықаралық йога күні деп жариялады

25.05.2015 15:05 1707

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25 мамыр, 2015. Астана. — БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 маусымды Халықаралық йога күні деп жариялады, — деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлымен кездесуде Индияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайн.

2014 жылдың желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21-маусымды «Халықаралық Йога Күні" деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл резолюция БҰҰ Бас Ассамблеясына Үндістан енгізіп, ұйымға қатысушы 177 мемлекеттің тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Елші хабарлап өткендей, Үндістан Үкіметі 21-маусымда Халықаралық йога күнін барша әлемде, соның ішінде Қазақстанда да тойлап өтуді дайындалуда.

«Үндістан Елшілігі 2015 жылғы 21 маусымда Қазақстанда Халықаралық Йога Күнін өткізуді көздеп отыр. Ең ірі шаралар, соның ішінде жаппай йога жаттығуларын жасау, бұл күні Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылады. Қазақстанның мәдниет және спорт министрлігі бұл шараларға белсенді қатысады деген үміттеміз», — деді Х. К. Джайн.

Министр, өз кезегінде, үнді мәдениетінің - йоганың - Қазақстанда баршаға танымалдығын айтып өтті. Үнді тарапының шақыруын қабылдай отырып, қазақстандық ведомстваның басшысы аталмыш халықаралық мерекенің Қазақстанда өтуіне толықтай және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар үстіміздегі жылдың шілде айында орын алатын Үнді Премьер-Министрінің Қазақстанға іс-сапары екі мемлекеттің мәдениет, өнер, спорт және дін саласындағы қарым-қатынастарына жаңа серпін беретіндігіне үміт білдірді.

по материалам: mks.gov.kz