Ертең Оралда ономастика мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді

27.05.2015 16:32 1807

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28-29 мамыр, 2015. Орал қаласы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2015 жылғы 28-29 мамыр күндері «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері" және «Ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Бүгінгі таңда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда жиі сынға ұшырауда.

Елімізде көрнекі ақпарат мәселелері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы ретте, жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу, олардың қолданыстағы заңнама талаптарына сай ресімделіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары талқыланып, тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, осындай олқылықтарды жоюдың жолдары қарастырылады.

Сондай-ақ, ономастикалық объектілерді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық талдау жұмыстарын жүргізу мәселесінің туындауына байланысты объектілерді, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау процедуралары 2016 жылға дейін арнайы тоқтатылып отыр.

Осы ретте, аталған мәселені талқылау, қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардағы тіл мәселесімен, оның ішінде ономастика саласымен айналысатын бөлім басшыларынан тұратын жұмыс тобы құрылды.

Шараның мақсаты — ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, қолданылу тетігін және іске асыру нысандарын әзірлеу болып табылады.

Дөңгелек үстелге зиялы қауым өкілдері, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, тиісті орталық атқарушы органдардағы жарнама саласына жауапты мамандар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары, қоғамдық бірлестіктер мен Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардағы ономастика саласымен айналысатын бөлім басшылары және Министрлік жанынан құрылған жұмыс тобының мүшелері қатысады деп күтілуде.

по материалам: mks.gov.kz