28 мамыр, 2015. Астана. Кеше Қазақстанға ресми сапары кезінде Хорватия Премьер-Министрі Зоран Миланович ҚР Ұлттық музейін тамашалап шықты. Мәртебелі қонақты музейдің ауқымдылығы таң қалдырып, музей қорының бірегейлігі тамсандырды.
Музей қызметкерлері Премьер-Министрге үздік археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштер топтастырылған Астана, Тәуелсіз Қазақстан, алтын, ежелгі және орта ғасыр тарихы залдарына шолу ұйымдастырды. З. Мирановичтің ерекше назарына қазақ халқының ежелгі уақыттан бүгінге дейінгі тұрмысы мен мәдениетінің дамуы туралы баяндайтын этнографиялық ескерткіштер ілікті.
Сонымен Хорватия үкімет басшысын қалпына келтіру шеберханалары мен лабораториялар таныстырып, музейдің техникалық жабдықталуы туралы қысқаша хабардар етті.
Зоран Миранович Астана қаласының жойқын мәдениет ошағымен тамсанды. Қазақстандық әріптестеріне Орталық Азиядағы бірегей мұражаймен танысуға мүмкіндігі үшін алғыс айтуды да ұмытқан жоқ.
по материалам: mks.gov.kz