Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Педагогикалық вернисаж» көрмесі ашылады

29.05.2015 18:34 1703

 

2015 жылы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Педагогикалық вернисаж» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасының аясында, Шымкент қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.  

Аталмыш іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне арналады. Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы және жалпы орта білім беру мекемелерінің оқытушылары мен түлектері өздерінің жұмыстарын Астана қаласының тұрғындарының назарына ұсынады. Іс-шараның басты мақсаттарының бірі - Астана және Шымкент қалалары өнерпаздарының шығармашылық тәжірибелерімен алмасу.

Шымкент қаласының көркемсурет мектебі 1967 жылы №15 жалпы орта білім беретін мектептің негізінде құрылған болатын. Жарты ғасырға жуық тарихы бар мектеп көптеген жас таланттардың жолын ашты. Қазіргі уақытта мектеп түлектері республикалық және халықаралық деңгейде өнерлерін көрсетіп жүр. Мектеп түлектері мен оқытушылары көптеген республикалық байқаулардың лауреаты. Шымкент қаласының Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының арасында дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі өткізетін жылсайыңғы «Туған жерім» байқауының жеңімпаздары да бар. 2008 жылы мектеп шығармашылық жолында жеткен жетістіктері үшін ЮНЕСКО клубы мәртебесіне ие болды.

Көрмеден шеберліктің шыңына жеткен, талантты шәкірттердің әр түрлі әдіспен орындалған, жүзден аса еңбектерін көрулеріңізге болады. Іс-шара барысында Шымкент қаласының білікті оқытушылары Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы оқушыларымен тәжірибелерімен бөліседі.

по материалам: mks.gov.kz