Ұлттық академиялық кітапханасында балалар залы ашылды

01.06.2015 09:40 1397

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 маусым, 2015. Астана. Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай өткізіліп жатқан мерекелік шаралар аясында балалар залы ашылды. Мерекелік бағдарлама мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысқан концерттен басталды.

Тойлау аясында кітапханалар залдарында түрлі әдеби ойындар, викторинала мен байқаулар ұйымдастырылды. Балалар каракоеде ән айту, өлең байқауы мен ертегіні бейнелеу шараларына белсене қатысты.

«Бүгінгі таңда Ұлттық академиялық кітапхана балаларға зор көңіл бөледі деп сеніммен айта аламыз. Биыл кітапханамызда «Шаңырақ» балалар залы ашылды, өйткені балаларды ерте шақтан бастап оқуға тарту керек. Бұл залдағы жоғары білікті мамандар, кітапханашылар, педагогтар балаларға кітаптармен жұмыс істеуге көмектеседі», - деді Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры Үмітхан Мұңалбаева.

Ескертіп кетсек, мерекелік шараларға №59, 66, 50 мектеп оқушылары, ата-аналар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

по материалам: mks.gov.kz