2 маусым, 2015. Астана. Бүгін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін ХХХІ Олимпиалық ойындарға қазақстандық спортшылардың даярлығы мен қатысуы бойынша оперативті Штабының кеңейтілген отырысы барысында отандық спорттық қозғалыстың бірқатар өкілі «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Нақты айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес елдегі қоғамдық келісімге қосқан үлесі үшін құрметті жүлдемен шорт-тректен қазақстандық құраманың жаттықтырушысы Мадығали Қарсыбеков, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев және КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушысы Александр Стрельников марапатталды.
Еске салып кетсек, кездесу барысында спорт белсенділері алдағы Ойындарға дайындық бойынша міндеттері мен кешенді жұмыс мәселелері талқыланды.
по материалам: mks.gov.kz