Ақтауда Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді

03.06.2015 18:45 1725

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 маусым, 2015. Маңғыстау облысы. Бүгін Ақтау қаласында Павлодар облысының мәдениет күндері ашылады. Павлодарлықтар Каспий маңы қала тұрғындары мен қонақтарына арнап  үлен шығармашылық бағдарлама әзірледі.

Мәдениет күндерінің ашылған күні Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының әртістері А.Цагарелидің «Ханума» музыкалық комедиясын ұсынады.

Сол күні Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану  музейінің қорынан «Павлодарлық Ертіс өңірі тарих толқынында» көрмесі ашылады, онда өлкенің ежелгі тарихи бейнеленген. Экспозициядан келушілер сирек археологиялық және палеонтологиялық олжаларды көреді, павлодарлық Ертіс бойының тарихымен және этнографиясымен танысады.

Ақтауда «Павлодар: кеше және бүгін» атты ауқымды фотокөрме ашылмақ.

Сол күні кешке Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филарманиясы әртістерінің концерті өтеді.

Екінші күннің бағдарламасында Г.Ештанаевтың, Р.Ыбыраеваның «Әбілмансұр, Сабалақ, Абылайхан» тарихи драмасын көрсету жоспарланған, бұл қойылым Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.

Мәдениет күндері Павлодар облысы шығармашылық ұжымдарының гала-концертімен қорытындыладанады, оған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Рақымжановтың симфониялық оркестрі, ҚР мәдениет қайраткері Виктор Шейкиннің джаз оркестрі, «Нұр» хореографиялық ансамблі, «Ретро» және «Vivo» вокальдік ансамбльдері қатысады.

по материалам: mks.gov.kz