ҚазҒЗМИ бас директоры институт қызметкерлері мен Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыру аясындағы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын түсіндіру бойынша жиналыс өткізді.

20.05.2015 10:00 1923

 

 

2015 жылдың 20 мамыры күні ҚазҒЗМИ бас директоры институт қызметкерлері мен  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру аясындағы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын түсіндіру бойынша жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында А. Хазбулатов мәдениет саласының қызметкерлері үшін IV пунктегі «БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК» бірінші кезекте екенін атап өтті. Ол бойынша маңызды бағыт болып:

86 қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ»  КЕҢ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН әзірлеу және жүзеге асыру,ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасын (ішкі туризмді қоса есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту»,  «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

87 қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

88 қадам. Жалпыға Ортақ Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «НҰРЛЫ ЖОЛ» инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

Жиналыстың аяғында А. Хазбулатов үшін IV пунктегі Біртектілік пен Бірлікті бірлесіп жүзеге асыру Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің құрамына өз кезегінде көмектесетінін айтып өтті.

ҚазҒЗМИ-дің әрбір қызметкеріне аталмыш жоспар бағдарламалық құжат екенін айтып кеткеніміз жөн.