Астанада Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

05.06.2015 11:23 1859

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді. Осыған орай елдің барлық аймақтарында мемрекелік шаралар ұйымдастырылған болатын.

1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз — ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы жарлығымен 4 маусым мемрәміздер күні ретінде бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер ел мызғымастығының символдарының бірі болып табылады. Қыран бүркіт алтын күннің астында қалықтап жүрген образдар салынған көгілдір туымыз бен шаңырақты барлық қазақстандықтардың үйі ретінде көрсететін елтаңбамыз барша әлемге Қазақстан Республикасы атты жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болғандығы туралы паш етті. Туымыздың авторы әйгілі суретші Шәкен Ниязбеков болса, әнұран авторлары — Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекең Нәжімеденов. Музыкасын жазған — Шәмші Қалдаяқов. Елтаңбамызды ойлап тапқандар — Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай көптеген мәдени-танымдық шаралар өтті. Нақты айтқанда, кеше «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Ел рәміздері - тәуелсіздік кепілі" тақырыбындағы көрме ашылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының рәміздерін бейнелейтін материалдар шығарылған. Экспозиция маусымның 10-на дейін өтеді.

Сондай-ақ, «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалды кешенінде астаналық жастардың «Рәміздерді құрметтейік» дөңгелек үстелі өтті. Конференция ел мемлекеттік рәміздеріне сыйластық қатынасты насихаттауды күшейтіп, өскелең ұрпақта патриотизм сезімдерін тәрбиелеуді мақсат етеді.

Сонымен қатар қала кітапханаларының барлығында ай бойы «Отанымның жоғары құндылықтары» кітап көрмесі өтеді.

по материалам: mks.gov.kz