4 маусым, 2015. Түркия. Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Джейхан қаласында «Қазақстан» мәдениет орталығының ашылу салтанаты өтті.
Оған Джейхан қаласының мэрі Әлемдар Өзтүрік, ҚР-ның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, өңірдің мәдениет пен өнер қайраткерлері, саяси, академиялық және бизнес өкілдері қатысты.
Мәдениет орталығында Қазақстанның тұрмысы, дәстүрі және мәдениетінің экспонаттары, еліміз туралы көркем және фотосуреттер, Елшілік қолдауымен түрік тіліне аударылған Қазақстан мен қазақ-түрік қарым-қатынастары туралы кітаптар қойылды.
Орталықтың жұмысы аясында бірқатар мәдени жобалар ұйымдастырылады, оның біріншісі болып «Қазақ киносының апталығы» жобасы өткізілмек. Бұл жоба аясында түрік тілінде дубляж жасалған «Менің балалық шағымның аспаны», «Қыз Жібек», «Көшпенділер», «Бәйтерек», «Тақиялы періште» және басқа да қазақстандық көркем фильмдері көрсетіледі.
ҚР-ның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде екі бауырлас елдің арасындағы мәдени байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанның мәдени өмірі мен туристік әлеуеттілігінен хабардар етіп, еліміздің көрнекі жерлеріне барып қайтуға шақырды.
«Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдениеті, тілі мен тарихи тамырларының ортақтығы бауырлас республикалар арасындағы тығыз байланыстарды дамытуда. Осыған байланысты Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және әлеуметтік ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдесу, сонымен қатар қазақ мәдениетімен жақын танысуға ниеттілердің барлығына мүмкіндік беру Орталықтың мақсаты болып табылады», — деп атап өтті Ж. Түймебаев.
Джейхан қаласының мэрі Ә.Өзтүрік Қазақстанның мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің көпұлтты және мультиконфессионалды қоғамды құруда ерекше тәжірибесін атап өтті.
«Гуманитарлық сала бойынша екіжақты байланыстардың нығаюына едәуір көңіл бөлген екі елдің көшбасшыларының тікелей жәрдемдесудің нәтижесінде, соңғы жылдарда Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және ғылыми тәжірибе алмасу белсенділігін арттырып, қазақ пен түрік халықтарының мәдениеті, музыкасы мен философиялық-әдеби мұрасымен таныстыратын көрмелер мен гастрольдер, халықаралық конференциялар ұйымдастырылуда», — деді Джейхан қаласының мэрі.
Іс-шара қатысушылары Қазақстанның тұрмысы, дәстүрі мен мәдениетінің экспонаттарымен аса қызығушылықпен танысты.
по материалам: mks.gov.kz